Ата Заңды білу әр азаматқа өзінің құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Конституцияда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде бекітілген. Сондықтан азамат өз құқығын қорғаудың заңды жолдарын білуі керек. Сонымен бірге басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеу қажет. Құқықтық сауаттылық қоғамдық жанжалдардың алдын алуға көмектеседі. Жастардың Конституцияға деген қызығушылығын арттыру да маңызды. Заңды құрметтеу отбасынан басталып, бүкіл қоғамға таралады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
