Құқығын білетін адам өз міндетін де жақсы түсінеді. Сондықтан құқықтық сауаттылық әр азамат үшін қажет. Кей жағдайда адамдар өзіне тиесілі мүмкіндіктерді білмегендіктен қиындыққа тап болады. Заң талаптарын білу мұндай жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Әсіресе жастардың құқықтық білімін арттыру маңызды. Мектеп пен отбасыда заңға деген дұрыс көзқарас қалыптасуы тиіс. Құқықтық сауаттылық тек заң саласында жұмыс істейтін мамандарға қажет емес. Ол күнделікті өмірде де керек. Еңбек ету, келісім жасау, мүлікке иелік ету, қоғамдық ортада жүріп-тұру барысында заң талаптары сақталуы қажет. Өз құқығын білген азамат өзгенің құқығын да құрметтейді.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ