Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Логистикалық кешеннің іргетасы қаланды

Логистикалық кешеннің іргетасы қаланды

27 қаралым

Алатау қаласында Griffin Logopark Almaty логистикалық кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті.Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Шыңғыс Әрінов, жобаға жауапты «Гриффин Логопарк Алматы» ЖШС мен Еуразиялық даму банкінің өкілдері қатысты. Аймақ басшысы бұл жоба өңірдің еліміздегі негізгі логистикалық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтып, инвестиция тартуға және көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға ықпал ететінін жеткізіп, инвесторларға табыс тіледі.

Аталған кешен Үлкен Алматы айналма жолының маңына орыналасқан. Қазір онда жалпы ауданы 125,4 мың шаршы метр болатын А+ санатындағы логистикалық қойма салынып жатыр. Ал жобаға салынатын инвестиция көлемі шамамен 125 млн АҚШ долларын құрайды. «Құрылыс екі кезеңмен жүзеге асырылады. Ауданы 62,7 мың шаршы метр болатын бірінші кезеңді 2027 жылдың III тоқсанында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 1 000 жаңа жұмыс орны ашылады деген ойдамыз. Мұнда жедел жеткізу компаниялары үшін қойма кешені, уақытша сақтау, мультитемпературалы қоймалар, бизнес-парк және өзге де инфрақұрылымдар орналасатын болады. Нысанның цифрлық, технологиялық және логистикалық орталық ретінде дамып келе жатқан Alatau City аумағына салынуы да мүмкіндігімізді арттыра түседі», – дейді «Гриффин Логопарк Алматы» ЖШС-ның Бас директоры Ислам Абдыкерим.

Ерзат АСЫЛ

Алатау қаласы