Перейти к содержимому

Мемлекеттік қызметшілерге арналды

21 қаралым

Кеген ауданында ҚР Мемлекет­тік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша депар­таментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиевтің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өтті. Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық талаптарды түсін­діру, мемлекеттік кызмет­шілер­дің құқықтары мен міндет­терін нақтылау, сыбайлас жемқор­лықтың алдын алу және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекет­тік қызметшілердің Әдеп кодексінде белгіленген талап­­­тар мен мінез-құлық норма­ларын сақтау мәселелерін кеңінен түсіндіру.

Жиынға Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, аппарат басшысы Қанат Бектенов, ауылдық округ әкімдері, басқарма және бөлім басшылары, мемлекеттік кызметшілер қатысты. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков ашып, жүргізіп отырды. Департамент басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы мемлекеттік кызметтің қоғам алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мен қызметтік әдеп қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, мақсат халыққа адал қызмет ету керектігін тілге тиек етті.
Кездесу барысында Қазақстан Респуб­ли­касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының негізгі нормаларына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі, қызметтік тәртіпті сақтау және халықпен тиімді қарым-қатынас орнату мәселелері қозғалды.
Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
– Жиында Қазақстан Республи­касының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын таныстыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу, «Сыбайлас жемқор­­лыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң­ның негізгі нормаларын жеткізу, сондай-ақ Әдеп кодексінің талап­тары мен нормаларын түсіндіру бағытындағы маңызды мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, мазмұнды ойлар мен қажетті ақпараттар талқыланып, кәсіби тұрғыдан көп мағлұмат алдық, – деген аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков семинарды қорытын­дылады.
Агенттік өкілі Кеген ауданының квази мемлекеттік мекемелеріндегі қызметшілермен де кездесті.
Жиында төрағалық еткен Кеген ауданы әкімінің аппарат басшысы Қанат Бектенов:
– Іс-шараның басты мақсаты – сыбай­лас жемқорлықтың алдын алу бағытын­дағы жұмыстарды күшейту, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, – дей келе қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру керектігін тілге тиек етті.
Жиын барысында сыбайлас жем­қор­­­­лыққа алып келетін негізгі себеп­­тер мен факторлар, оның алдын алу тетіктері, заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілер мен азамат­тардың құқықтары мен міндеттері жөнінде маңызды ақпараттар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен адалдық қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Департамент басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтың алдын алуда жүйелі профилактикалық шаралардың маңыздылығына тоқталып, заң талап­тарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидаты, сыбайлас жемқорлық тәуекел­дерін төмендету, құқықбұзушы­лықтардың алдын алу және осы бағыт­тағы жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде пікір алмасты.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің аппарат басшысы Қанат Әуесханұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауап­кершілігі екенін атап өтті.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы