Перейти к содержимому

Оңай ақшаға қызықпаңыз

4 қаралым

Жастар арасында есірткі қылмысына тартудың бір тәсілі – жеңіл жұмыс пен тез табыс туралы ұсыныстар. Әлеуметтік желіде немесе мессенджерде тарайтын мұндай хабарламалардың астарында заңсыз әрекет тұруы мүмкін. Адам кейде тапсырманың толық мәнін білмей келісіп, кейін қылмыстық жауапкершілікке тап болады. Сондықтан бейтаныс адамның күмәнді ұсынысына жауап бермей, оның заңдылығын анықтаған жөн. Әсіресе белгісіз жерге зат жеткізу, жасырын затты алып кету немесе белгіленбеген орынға қалдыру туралы тапсырмалардан бас тарту қажет. Мұндай әрекеттің «жай ғана жұмыс» екеніне сену қауіпті. Ата-ананың баласымен ашық сөйлесуі де теріс ықпалдан сақтанудың бір жолы. Жасөспірім өзінің мәселесін қорықпай айта алатын ортада тәрбиеленсе, қауіпті ұсыныстарға қарсы тұруы жеңілдейді. Қызығушылық үшін жасалған бір қадамның өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан болашақты кездейсоқ ұсынысқа айырбастамаған дұрыс.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ