Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

23 қаралым

Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан құрамасының биылғы Азиададағы алғашқы алтын жүлдесі. Рината Сұлтанова алғашқы жарыс күнінде жеңіске жетіп, ұлттық құраманың алтын медальдар есебін ашты.Жарыс қорытындысы:🥇 1-орын — 🇰🇿 Рината Сұлтанова — 36:23.72🥈 2-орын — 🇨🇳 Чжан Хао — 36:28.40🥉 3-орын — 🇰🇷 Син Джиын — 36:56.14Бұл — Рината Сұлтанованың екінші Азиадасы. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында ол жекелей уақытқа жарысудан қола медаль жеңіп алған болатын. Соңғы жылдары бейінді федерациямен бірлесіп спортшыларды ірі халықаралық жарыстарға дайындауға, Азия чемпионаттары мен басқа да маңызды бәсекелерге қатысуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұндай жарыстарда жинақталған тәжірибе спортшыларды маусымның негізгі додаларына жоспарлы түрде дайындауға мүмкіндік береді.Бүгінде тасжолдағы велоспорт Қазақстанның 9 өңірінде дамытылып келеді. Өңірлік даярлық жүйесін жетілдіру, федерация мен жаттықтырушылар құрамының жұмысы, сондай-ақ спорт резервін қалыптастыру қазақстандық велоспорттың халықаралық аренадағы позициясын одан әрі нығайтуға негіз болады. Рината Сұлтанованың жеңісі — Қазақстанның ХХ жазғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалі.