«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан шараларға Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері де белсенді қатысады. Олар кезекті сенбілікке шығып, Ұзынағаш ауылының тазалығына өз үлестерін қосты.
Шараның негізгі мақсаты – аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазарту, экологиялық мәдениетті арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарауды өздері іс жүзінде көрсету.
Сенбілік барысында сақшылар бекітілген аумақтарды тазалап, қоқыстан арылтып, жұмыс орындарына іргелес аумақтарды ретке келтірді. Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға және елдімекендерде тазалықты сақтауға ықпал етеді.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы