Перейти к содержимому

Шаруаларға кеңес берілді

20 қаралым

Кеген ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, шаруалардың заманауи техникаға қолжетімділігін арттыру және ескі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, Жалағаш, Саты, Қарабұлақ, Ұзынбұлақ, Алғабас, Жылысай және Тасашы ауылдарында шаруалармен кездесулер өтті.

Мұндай кездесулер ауыл шаруашылығы саласындағы ақпараттың қолжетімділігін арттырып, шаруалардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған.

Басқосуға Кеген аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жасұлан Өмірзақов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы филиалының сату жөніндегі менеджері Жанат  Сұрағанов, «Кеген МясоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арнайы өкілдері, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық төрағалары және ауыл тұрғындары қатысты.

Онда осы саладағы өзекті мәселелер талқыланып, бес пайыздық лизинг бағдарламасы, мемлекеттік қолдау тетіктері мен арнайы бағдарламалар туралы кеңінен айтылды.

Жиынды ашқан Кеген аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жасұлан Өмірзақов ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін кеңінен түсіндіру,  қолданыстағы  мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру жəне саладағы өзекті мəселелер бойынша ұсыныстар қабылдау мақсатында сала мамандары арнайы келіп отырғанын жеткізді.

Кездесуде шаруаларға «Ауыл аманаты» бағдарламасы, «Кең дала» бағдарламасы, күзгі дала жұмыстарын үйлестіру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру турасында сөз қозғалды.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы