Су – тіршіліктің негізгі көзі әрі адамзат үшін аса маңызды табиғи ресурс. Сондықтан оны үнемдеп пайдалану – әрадамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс.
Кранды қажетсіз ашық қалдырмау, тіс жуғанда суды ағызып қоймау, ақаулы құбырларды уақытында жөндеу сияқты қарапайым әрекеттер судың ысырап болуын азайтады. Албау-бақшаны суарғанда суды мөлшермен пайдалану да үлкен нәтиже береді.
Суды үнемдеу – тек табиғатты қорғау емес, болашақ ұрпаққа жауапкершілікпен қарау. Табиғи байлықты бүгіннен тиімді пайдалансақ, ертеңгі күнге таза әрі жеткілікті су қорын сақтай аламыз.