Перейти к содержимому

ТАҒАЙЫНДАУ!

52 қаралым

Алматы облысы әкімінің өкімімен Рустам Маратұлы Исатаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.
Рустам Маратұлы 1986 жылы туған. Білімі жоғары, 2008 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Дарем университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, 2021 жылы Гарвард университетінде «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжау департаментінің бас сарапшысы, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының консультанты, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, «Ұлттық компания «Kazakh Invest» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС вице-президенті, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, ҚР Ұлттық Экономика министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
2026 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы лауазымында қызмет атқарған.