Қоршаған ортаның тазалығы елді мекеннің көркіне ғана емес, тұрғындардың өмір сапасына да әсер етеді. Осы ретте әр ауланың таза әрі жинақы болуы маңызды.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға басымдық беріліп келеді. Ауладағы қоқысты уақытылы шығару, ағаштар мен гүлзарларды күтіп-баптау, балалар ойнайтын аумақтарды таза ұстау – күнделікті назарды қажет ететін қарапайым жұмыстар.
Тазалықты тек арнайы қызметтің міндеті деп қарау дұрыс емес. Әр тұрғын өз аумағына жауапкершілікпен қарап, ортақ іске үлес қосса, елді мекеннің де ажары арта түседі.
Таза аула – ең алдымен тұрғындардың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Сондықтан тазалықты сақтау бір реттік шара емес, тұрақты әдетке айналуы қажет.
Алтынай СЕЙІТКЕН