«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы «Таза су айдыны» акциясын өткізіп, «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында және Қапшағай су қоймасында тазарту жұмыстарын жүргізді.

Акцияға «Мастер лодок Алматы» тобының еріктілері, ТаzaMen командасы, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты. Іс-шараға 20-ға жуық су көлігі жұмылдырылды. Аталған іс-шара нәтижесінде су айдынынан 8 шақырымнан астам тыйым салынған балық аулау құралдары шығарылып, арнайы полигонға жеткізілді. Сонымен қатар, 3 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс жиналып, арнайы полигонға шығарылды.
Өз тілшіміз