Перейти к содержимому

Тұрғындарға түсіндірді

27 қаралым

         Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында «Елтану» жобасы аясында «Заң және тәртіп: құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ауыл тұрғындарымен мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы дамыту, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық, өзара сенім мен келісімді нығайту.

         Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – Қоғамдық келісім және даму орталығы аудандық бөлімінің басшысы Айман Кенженбаева, ауданның Құрметті азаматы, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тәңірберген Қасымберкебаев, аудандық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Айсұлтан Бақытұлы және Қарақыстақ ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Момынбек Құрымбайұлы қатысты.

         Жиын барысында спикерлер құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастырудың, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын дәріптеудің, құқықтық сауаттылықты арттырудың және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін орнықтырудың маңыздылығын кеңінен түсіндірді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Қарақыстақ ауылы, Жамбыл ауданы