Перейти к содержимому

Жағалау тазартылды

19 қаралым

«Қазсушар» РМК Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының ұжымы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырды. Тазалық шарасы филиалдың бас кеңсесінде және Бартоғай, Күрті, Талғар, Еңбекшіқазақ, Таусүгір, Қорам өндірістік бөлімшелерінде жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қатысуымен өтті.

Сенбілікке барлығы 229 адам қатысты. Оған 15 техника жұмылдырылып, жалпы көлемі 9,4 га жер тазаланып, 7,2 тонна қоқыс шығарылды. Шара барысында өндірістік бөлімшелерге тиесілі аумақтағы басты канал жағалауы мен шаруашылықаралық арналардың бойындағы тұрмыстық қоқыс қалдықтары шығарылып, жабайы арамшөп шабылып,  бұталар кесілді, ағаш түптері әктелді.

Ұжым еңбеккерлері қоршаған ортаны ластанудан қорғап, негізгі тіршілік көзі – су ресурсын сақтап, шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз етіп отырған аймақтағы басты канал мен шаруашылықаралық арналардың жағалауын уақытында тазалап тұруды басты міндет санайды.

Елгүл НҰҒЫМАН

Талғар ауданы