Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – ЖАЙЛЫ ОРТАНЫҢ КЕПІЛІ

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК – ЖАЙЛЫ ОРТАНЫҢ КЕПІЛІ

21 қаралым

Жасыл желек – елді мекеннің сәнін келтіріп қана қоймай, қоршаған ортаның қолайлы болуына ықпал ететін табиғи байлық. Сондықтан ағаштарды отырғызумен қатар, оларды күтіп-баптау да маңызды.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Мұндай шаралар елді мекендердің көркін арттырып, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Бір тал егу – бір күндік жұмыс болғанымен, оның пайдасы ұзақ жылдарға жалғасады. Сондықтан әрбір көшетті қорғап, жасыл желекке ұқыпты қарау – ортақ міндет.

Табиғатты аялау мәдениеті күнделікті өмірден басталады. Ағашты сындырмау, гүлзарларды таптамау, айналаны ластамау секілді қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаға деген жауапкершілікті көрсетеді.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ