Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Жолдағы тәртіп – өмір кепілі

Жолдағы тәртіп – өмір кепілі

22 қаралым

Жол қозғалысы ережесін сақтау – әр жүргізуші мен жаяу жүргіншінің міндеті. Көлікті белгіленген жылдамдықтан асырмай жүргізу адам өміріне тікелей қатысты. Жолдағы асығыстық кейде орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан жүргізуші рөлге отырған сәттен бастап жауапкершілікті сезінуі керек. Бағдаршамға бағыну, жаяу жүргіншіге жол беру – қарапайым талаптар. Жаяу жүргіншілер де жол ережесін сақтауға міндетті.

Балалардың жол бойындағы қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет.
Ата-аналар оларға жолдан дұрыс өтуді үйреткені жөн. Көлік жүргізу кезінде телефонға алаңдау да қауіпті. Қауіпсіздік үшін бірнеше секундтық сақтықтың өзі маңызды. Жолдағы тәртіп тек айыппұлдан қорқу үшін емес, адам өмірін сақтау үшін қажет. Әр жүргізуші өз көлігінің қауіп көзі болуы мүмкін екенін ұмытпағаны дұрыс. Жауапкершілік артқан сайын жолдағы қауіп те азаяды.
Ереже бар жерде тәртіп болады. Ал тәртіп бар жерде адам өміріне деген құрмет бар.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ