Жол қозғалысында ережені сақтамау бір сәтте орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Жүргізуші рөлге отырған кезде жол жағдайына толық назар аударуы қажет. Телефон пайдалану, жылдамдықты шамадан тыс арттыру немесе шаршаған күйде көлік жүргізу қауіп тудырады. Жаяу жүргіншілер де белгіленген өткелдерді пайдаланып, бағдаршамға бағынғаны жөн. Көлік жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан адамды байқаса, оған жол беруге міндетті. Әсіресе мектеп, балабақша және тұрғын үй аумағында жылдамдықты төмендету қажет. Жаңбыр, қар немесе тұман кезінде жүргізуші арақашықтықты сақтап, аса мұқият болғаны дұрыс. Жолда асықпай жүру кейде бірнеше минут жоғалтқанмен, адам өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қауіпсіздік белдігін тағу мен балаларға арналған арнайы құрылғыларды пайдалану да назардан тыс қалмауы тиіс. Жолдағы тәртіп – әр адамның өз өміріне және өзгенің қауіпсіздігіне деген құрметі.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ