Көлік жүргізушілерінің жолдағы ең маңызды міндеттерінің бірі – қауіпсіз жылдамдықты сақтау. Жоғары жылдамдық жүргізушінің көлікті басқару мүмкіндігін шектеп, тоқтау жолын ұзартады. Әсіресе елді мекендерде, мектептер мен адамдар көп жүретін аумақтарда аса сақ болу қажет. Жолдың жағдайы нашар немесе ауа райы қолайсыз кезде жылдамдықты төмендеткен дұрыс. Қауіпсіздікке бірнеше минут үнемдеуден гөрі адам өмірі әлдеқайда маңызды. Жүргізуші жолдағы басқа көліктер мен жаяу жүргіншілердің әрекетін де ескеруі керек. Ереже сақтау – жүргізушінің кәсіби мәдениетінің көрсеткіші. Жолда асықпай, жауапкершілікпен жүру көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алады.
Құралбек СӘБИТОВ
