Отбасындағы зорлық-зомбылық адамның денсаулығы мен психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттерге немқұрайлы қарауға болмайды. Зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және экономикалық сипатта болуы мүмкін. Әрбір адам құрмет пен қауіпсіздікке құқылы. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажет. Жәбірленуші өз құқықтарын қорғау үшін полицияға немесе басқа да көмек көрсету қызметтеріне жүгіне алады. Отбасындағы тыныштық күшпен емес, өзара түсіністік пен құрмет арқылы қалыптасады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
