Перейти к содержимому

АДАЛДЫҚ – АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ

20 қаралым

Адалдық – адам бойындағы қарапайым қасиет қана емес, қоғамның береке-бірлігін бекемдейтін үлкен құндылық. Осы ұстанымды жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында жуырда Ұйғыр аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жастар мен тұрғындарға адал болудың, әділдікті ту етудің және өз ісіне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға келтірер зияны, ол мемлекеттің іргесін ыдыратар қауіп екені, заң талаптарын сақтаудың қажеттігі туралы айтылып, ақпараттық парақшалар таратылды.

Жастардың құқықтық сауатын арттырып, адал еңбекке, әділдікке және жауапкершілікке негізделген көзқарас қалыптастыру – осындай түсіндіру жұмыстарының басты бағыты. Өйткені сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ең алдымен әр адамның өз ұстанымынан басталады. Осыны жастар басты қағида етіп ұстанып, болашаққа қадам басса, еліміздің іргесі берік болары анық.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑