Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Баланың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті

Баланың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті

161 қаралым

Баланың қауіпсіз ортасын қалыптастыру отбасыдан басталып, мектеп пен қоғамда жалғасады. Қазіргі кезде балалардың тек көшедегі емес, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі де ерекше назар аударуды қажет етеді.

Кибербуллинг, бейтаныс адамдармен байланыс, қауіпті контент және жеке мәліметтердің таралуы – ата-ана бақылауын қажет ететін мәселелер. Сондықтан баламен ашық сөйлесу, оның интернеттегі ортасына назар аудару және қауіп төнген жағдайда кімнен көмек сұрау керегін түсіндіру маңызды.

Балаға тыйым салумен қатар, қауіптің себебін түсіндіру де қажет. Қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан ортада бала өзін еркін әрі қорғалған сезінеді.

Баланың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.

Тоғжан Есжанова

↑