Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Цифрлық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі

Цифрлық қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі

33 қаралым

Цифрлық қызметтер кең тараған сайын интернеттегі қауіпсіздікті сақтау мәселесі де өзекті бола түсуде. Әлеуметтік желілер мен электронды платформаларды пайдаланған кезде азаматтар жеке мәліметтерінің қорғалуына ерекше назар аударуы керек. Күрделі құпиясөз орнату, екі факторлы аутентификацияны қосу және күмәнді сілтемелерге өтпеу интернеттегі қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар белгісіз адамдарға банк картасының деректерін, SMS арқылы келген растау кодтарын және құпия ақпаратты беруге болмайды. Жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған бейнелер мен дауыстарды пайдаланып, адамдарды алдауға бағытталған әрекеттер де кездесуі мүмкін. Сондықтан кез келген ақпаратты бірнеше сенімді дереккөз арқылы тексеріп, күмәнді хабарламаларға сақтықпен қараған жөн. Цифрлық сауаттылық пен жеке жауапкершілік – қауіпсіз ақпараттық қоғам қалыптастырудың басты шарттарының бірі.

Ерзат АСЫЛ

↑