Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Ерекше балалар саяхаттады

Ерекше балалар саяхаттады

78 қаралым

         «Әділет» партиясының Жамбыл аудандық филиалының бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға Алматы қаласындағы заманауи өнер музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

         Аталған партия филиалының төрағасы Әділбек Қамбарұлының өзі ерекше балалармен бірге саяхаттап, олардың музей жәдігерлеріне деген қызығушылығына куә болды. Бұл игі шараның басты мақсаты да сол –  балалардың дүниетанымын кеңейту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар балаларға жаңа әсер сыйлап, мәдени ортада өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беру көзделді.

         «Әр бала — қайталанбас тұлға, әрқайсысының өзіне тән қабілеті мен мүмкіндігі бар. Олардың бойындағы талантты ашуға, қоғамға бейімделуіне қолдау көрсетуге және өмірдің жарқын сәттерін бірге сезінуге жағдай жасау — баршамызға ортақ міндет. Инклюзия — бұл тек тең мүмкіндік беру ғана емес. Бұл — әр баланы түсіну, қабылдау, құрметтеу және оның қоғамда өз орнын табуына қолдау көрсету. Балалардың жүзіндегі шаттық пен шынайы күлкі — осындай игі бастамалардың ең құнды нәтижесі. Өйткені әрбір бала қуанышқа, қамқорлыққа және жарқын болашаққа лайық», — дейді Әділбек Қамбарұлы.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

↑