Перейти к содержимому

Интернеттегі бір сәттік сенімнің құны

212 қаралым

Интернеттегі алаяқтық тәсілдері күн сайын түрленіп келеді. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе белгілі бір ұйымның өкілі ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Кей жағдайда жалған сілтеме жіберіп, жеке деректерді енгізуді талап етеді.

Мамандардың айтуынша, ең басты қорғаныс – асығыс шешім қабылдамау. Бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, құпия сөздерді, SMS арқылы келген кодтарды айтуға болмайды. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпей, ақпараттың рас-өтірігін ресми арналар арқылы тексерген жөн.

Қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік – бүгінгі қоғам үшін маңызды дағды. Әр азамат өз деректеріне мұқият қараған жағдайда ғана интернет алаяқтарының жолын кесуге болады.

Тоғжан Есжанова

↑