Цифрлық технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сонымен бірге интернет кеңістігінде түрлі қауіптер де кездеседі. Азаматтар жеке мәліметтерін бейтаныс адамдарға бермеуі және күмәнді сілтемелерге өтпеуі қажет. Балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ата-аналар ерекше назар аударғаны жөн. Әлеуметтік желілерде жауапсыз әрекет жасаудың құқықтық салдары болуы мүмкін. Киберқауіпсіздік туралы білімді арттыру – қазіргі қоғамның маңызды міндеті. Қауіпсіз интернет – жауапты цифрлық мәдениеттен басталады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
