Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ішімдік – қоғам қауіпсіздігіне әсер ететін фактор

Ішімдік – қоғам қауіпсіздігіне әсер ететін фактор

67 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасына және қоғамға да кері әсер етеді. Мас күйінде жасалған әрекет түрлі құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін. Әсіресе көлік жүргізу кезінде ішімдік қолдану адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан алкогольді жауапсыз пайдаланудың алдын алу маңызды. Отбасында салауатты өмір салтын насихаттау жақсы нәтиже береді. Жастардың бос уақытын спортқа және пайдалы іске бағыттау қажет. Ішімдіксіз өмір – қауіпсіз әрі белсенді өмір салтының негізі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑