Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Ішімдіксіз орта – жарқын болашақтың кепілі

Ішімдіксіз орта – жарқын болашақтың кепілі

66 қаралым

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына және қоғамдық ортаға да кері әсер етеді. Ішімдікке тәуелділік еңбекке деген қабілетті төмендетіп, тұрмыстық жанжалдардың туындауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан алкогольдің алдын алу – қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға басымдық берілуі қажет. Спортпен айналысу, шығармашылықпен шұғылдану және қоғамдық жұмыстарға қатысу – зиянды әдеттерден алшақ болудың тиімді жолы. Әр отбасы бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, алдын алу жұмысының нәтижесі де жоғары болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы біз қауіпсіз әрі жауапты қоғам құра аламыз.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑