Перейти к содержимому

ҚАЙТА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

110 қаралым

Жуырда Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында есепте тұрған тұлғалар арасында қайта құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараға аудандық пробация қызметінің инспекторы мен Ақтам ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Елнұр Мұқұмжан қатысып, есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына түнгі уақытта барып, жағдайын тексерді.

Тексеру барысында азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, белгіленген тәртіпті бұзбау және қайта құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүрді.

Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – есепте тұрған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерге қайта баруына жол бермеу және олардың мінез-құлқын бақылауда ұстау. Учаскелік инспектор Елнұр Мұқұмжан өз тарапынан да азаматтарға құқықтық талаптарды сақтаудың маңызын түсіндіріп, қайта құқық бұзбауға шақырды.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы

↑