Перейти к содержимому

Қауіпсіздік көшеден басталады

130 қаралым

Қоғамдық тәртіптің сақталуы – тек құқық қорғау органдарының емес, барша азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көшеде, аулаларда, қоғамдық орындарда тәртіпке бейжай қарамау қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Әсіресе адамдар көп шоғырланатын орындарда ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу маңызды. Тұрғындардың өзара сыйластығы, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауы және белгіленген тәртіп талаптарын сақтауы – қауіпсіз қоғамның қарапайым негіздері.

Заң талаптарын білу және оны орындау күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Қоғамдық қауіпсіздік әр адамның жауапты әрекетінен басталады.

Тоғжан Есжанова

↑