Қоғамдық қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Әр азамат өз әрекеті арқылы елдегі тәртіпке үлес қоса алады. Қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтау – қарапайым, бірақ маңызды талап. Күмәнді немесе қауіпті жағдай байқалған кезде тиісті органдарға жедел хабарлау қажет. Балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар мен ересектер ерекше көңіл бөлуі тиіс. Қоғамдағы өзара құрмет пен жауапкершілік тәртіпті нығайтады. Қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамызға ортақ іс.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
