Перейти к содержимому

Конституция – елдің басты құжаты

113 қаралым
жаңа конституция

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі белгіленеді. Әр адам заңды құрметтеп, оның талаптарын сақтауға тиіс. Қоғамдағы тұрақтылық пен келісім заң үстемдігіне тікелей байланысты. Конституция азаматтардың өз құқықтарын қорғауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол әрбір адамның ел алдындағы жауапкершілігін де айқындайды. Заңды білу – құқықтық сауаттылықтың маңызды бөлігі. Сондықтан Конституцияны құрметтеу – Отанды құрметтеудің бір көрінісі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑