Перейти к содержимому

Құқық пен міндет – егіз ұғым

100 қаралым

Әр азаматтың заңмен бекітілген құқықтары бар. Алайда құқықпен бірге белгілі бір міндеттер де жүктеледі. Өзгенің ар-намысы мен құқығын құрметтеу – маңызды азаматтық міндет. Қоғамда тәртіп болуы үшін адамдар белгіленген талаптарды сақтауы қажет. Өз құқығын талап ету басқа адамның құқығына нұқсан келтіруге себеп болмауы тиіс. Құқықтық мәдениет осындай тепе-теңдікті сақтаудан қалыптасады. Заңды білу адамды жауапсыздықтан қорғайды. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттыру – баршамызға ортақ міндет.

Құралбек СӘБИТОВ

↑