Отбасындағы татулық өзара құрметтен басталады. Әр адамның пікірін тыңдау жанжалдың алдын алуға көмектеседі. Келіспеушілікті күш қолдану арқылы шешуге болмайды. Ашуға бой алдырмай, сабырмен сөйлесу маңызды. Отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетсе, көптеген мәселе бейбіт жолмен шешіледі. Балалар ата-анасының қарым-қатынасынан үлгі алады. Сондықтан ересектер өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Құрмет пен түсіністік – отбасы берекесінің негізі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
