Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Туған жерге тағзым тазалықтан басталады

Туған жерге тағзым тазалықтан басталады

23 қаралым

Туған жердің тазалығы мен көркейуі әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Іле ауданында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына тұрғындар белсенді атсалысып келеді. Балқаш ауданында елдімекендермен қатар табиғи аумақтарды да таза ұстауға басымдық берілуде. Су айдындарының жағалауларын қоқыстан тазарту – табиғатты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Кеген ауданында таулы өңірдің табиғи келбетін сақтау және қоршаған ортаны ластамау мәселесіне ерекше мән беріледі. Сенбіліктердің басты мақсаты – тек аумақты тазалау емес, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Бұл жұмыстарға жастар мен еріктілердің қатысуы игі бастаманың ауқымын кеңейте түсуде. Табиғатты аялау – туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑