Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – маңызды міндет

Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – маңызды міндет

219 қаралым

Отбасындағы кез келген мәселені күш көрсету арқылы шешуге болмайды. Өзара түсіністік, сабырлылық пен құрмет – берік отбасының басты құндылықтары. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде көмек көрсету маңызды. Әрбір тұрғын зорлық-зомбылық белгілерін байқаса, тиісті органдарға хабарлап, бейжай қалмауы керек. Отбасындағы қауіпсіздік пен тыныштық – бүкіл қоғамның тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

Құралбек СӘБИТОВ

↑