Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Заң мен тәртіп – бәрімізге ортақ

Заң мен тәртіп – бәрімізге ортақ

11 қаралым

Заң мен тәртіп – қауіпсіз әрі тұрақты қоғам құрудың басты негіздерінің бірі. Оның жүзеге асуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына емес, әр азаматтың жауапкершілігіне де байланысты. Ішімдіктің алдын алу, есірткі айналымына жол бермеу, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – ортақ міндет. Бұл бағыттарда профилактикалық жұмыстарды күшейту маңызды. Жаңа Конституция адам құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде бекітіп, заң мен тәртіп қағидатын ұстануға негіз қалайды. Сондықтан заңды білу, оны сақтау және өзгелердің құқығын құрметтеу әр азаматтың күнделікті ұстанымына айналуы тиіс. Заң мен тәртіп орныққан жерде елдің тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты да арта түседі.

Құралбек СӘБИТОВ

↑