Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / «Заң және тәртіп» – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз

«Заң және тәртіп» – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз

144 қаралым

Кеген ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған арнайы іс-шаралар, дәрістер мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Осы ретте Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі мен Түменбай бастауыш мектебінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында 8-11 сынып оқушыларымен «Зайырлылық қағидаттары» тақырыбында іс шара өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға зайырлылық ұғымын түсіндіру, діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизмнің алдын алу, заңға құрметпен қарауға және қоғамдағы өзара сыйластықты сақтауға тәрбиелеу.

Кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері – Кеген ауданының ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Ермек Серікбайұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Еңлік Дәулеткелді, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бақытгүл Көнеева, ұстаздар, жоғары сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға зайырлы мемлекет қағидаттары, діни сенім бостандығы, заң талаптарын сақтау және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Маңызды бөлімдердің бірі – полиция өкілімен өткен «Заң және тәртіп – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз» диалог алаңы. Оқушылар құқықтық сауаттылық пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өз сұрақтарына жауап алды.

Бірыңғай профилактикалық күн жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және жауапты, адал азамат болып қалыптасуына бағытталды.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық және діни сауаттылығын арттырып, жауапкершілігі жоғары, заңды құрметтейтін азамат болып қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑