Перейти к содержимому

Жастар да үлес қосты

125 қаралым

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылының «Жасыл ел» еңбек жасағы «Асан сопы» мешіті мен қатымхана айналасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар күзгі жапырақтарды жинап, ауланы қоқыстан толық тазартты.
Киелі орынның тазалығына үлес қосып, ауылдың көркіне көрік қосқан белсенді жастардың бұл бастамасы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Ақерке БИЖАН

Райымбек ауданы

↑