Перейти к содержимому

Жемқорлыққа жол жоқ!

42 қаралым

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекетіміздегі ең өзекті мәселе. Бұл індет қоғамның дамуына кедергі жасап қана қоймай, халықтың мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сондықтан жас буынның бойында жемқорлыққа төзе алмаушылық қасиет қалыптастырып, адалдыққа, жауапкершілікке және заңды құрметтеуге тәрбиелеу – қоғамның ортақ міндеті.

Осы орайда Кеген аудандық Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәрбиелік маңызы зор ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ құқықбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы мәлімет беріліп, ақпараттық материалдар таратылды. Жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, парақорлыққа жол бермеу, заңды сақтау және кез келген заңсыз әрекетке бейжай қарамаудың маңыздылығы туралы айтылды.
Кездесу соңында жастар өз пікірін білдіріп, «Жемқорлыққа жол жоқ!» деген ортақ ой мен ұстанымға тоқталды.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы

↑