Перейти к содержимому

Жылдамдықты сақтаңыз!

83 қаралым

Көліктің жоғары жылдамдықпен жүруі жол-көлік оқиғасының салдарын ауырлатуы мүмкін. Сондықтан жүргізуші жол жағдайына сәйкес жылдамдық таңдауы қажет. Елді мекендерде жаяу жүргіншілерге ерекше назар аудару керек. Ауа райы қолайсыз болған кезде жылдамдықты төмендеткен жөн. Жолдың тайғақ болуы немесе көріну қашықтығының азаюы қауіп төндіреді. Жүргізуші өз мүмкіндігін асыра бағаламауы керек. Жолға шыққанда басты мақсат межелі жерге аман жету болуы тиіс. Асықпай жүру – қауіпсіздік кепілі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    ↑