Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Зорлықсыз қоғам – жарқын қоғам

Зорлықсыз қоғам – жарқын қоғам

119 қаралым

Қоғамның өркениеттілігін оның әлсізге деген көзқарасынан да байқауға болады. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа көз жұму – мәселені шешпейді. Керісінше, мұндай әрекет қайталана берсе, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы зор. Азаматтар өз құқықтарын және заңда белгіленген қорғану тетіктерін білуі қажет. Отбасында өзара сыйластық пен жауапкершілік орнықса, көптеген жанжалдың алдын алуға болады. Зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.

Ерзат АСЫЛ

↑