Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / 2026 жылдың он айында Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасында МӘМС аясында жоғары технологиялық операциялар жүргізілді

2026 жылдың он айында Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасында МӘМС аясында жоғары технологиялық операциялар жүргізілді

103 қаралым

Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы Алматы облысы тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің арқасында пациенттер бірнеше жыл бұрын тек ірі республикалық медициналық орталықтарда ғана қолжетімді болған күрделі хирургиялық операцияларды өз өңірінде алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
2026 жылдың он айында ауруханада 2000-нан астам жоғары технологиялық операция жасалды. Жоспарланған медициналық қызметтер көлемі негізгі бағыттар бойынша толықтай дерлік орындалды.
Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасында МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көмектің бірнеше түрі көрсетіледі.
Ортопедия және травматология:
• Жамбас-сан буынын толық эндопротездеу;
•​ Тізе буынын толық эндопротездеу;
•​ Жамбас-сан буынын жартылай эндопротездеу (биполярлы эндопротез орнату).
Кардиохирургия және тамыр хирургиясы:
•​ Коронарлық артерияға дәрілік жабыны бар стент орнату;
•​ Тері арқылы транслюминальды коронарлық ангиопластика.
Пластикалық және реконструктивті хирургия:
• ​Кейінге қалдырылған некрэктомияны бір мезгілде аутодермопластика жасаумен жүргізу.
Абдоминалды хирургия:
•​ Асқазан резекциясы.
Тамыр хирургиясы:
•​ Өңештің варикозды кеңейген көктамырларын байлау.
Урология:
• ​Несепағар мен бүйрек астауы деңгейіндегі обструкцияны трансуретральды әдіспен жою.
«Қазіргі таңда ауруханамызда МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық операциялардың бірнеше түрі жүргізілуде. Бұл аудан тұрғындарына бұрын тек республикалық медициналық орталықтарда қолжетімді болған күрделі операцияларды тұрғылықты жері бойынша алуға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, заманауи емдеу әдістерін аудан тұрғындарына қолжетімді ету», – деді Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының директоры Дархан Сыбанбаев.
Бүгінде Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін өңірдегі маңызды медициналық ұйымдардың бірі ретінде дамып келеді. Мұнда пациенттерге МӘМС шеңберінде күрделі хирургиялық операциялардың бірнеше түрі қолжетімді.
Заманауи медициналық технологиялардың енгізілуі мен мамандардың кәсіби біліктілігінің артуы Алматы облысының тұрғындарына республикалық клиникаларға бармай-ақ, тұрғылықты жері бойынша сапалы әрі заманауи медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Әлуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

↑