Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Әділет» партиясы Алматы облысының жастарына қандай мүмкіндіктер ұсынады?

«Әділет» партиясы Алматы облысының жастарына қандай мүмкіндіктер ұсынады?

43 қаралым

«Әділет» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың облыстық сайлауалды штабының белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті үгіт шарасына облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Данияр Қасқарауов пен Әділет Айтқазы қатысып, штаб белсенділерімен бірге арнайы белгіленген орындарға үгіт материалдарын орналастырды. Сондай-ақ тұрғындарға партияның Алматы облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

«Біз жастардың болашағын туған өңірінен іздегенін, осында білім алып, еңбек етіп, өз кәсібін ашқанын қалаймыз. Ол үшін жастарға жай ғана қолдау білдіру жеткіліксіз, нақты мүмкіндік жасауымыз керек. Сайлауалды бағдарламамызда 2031 жылға дейін 53 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, оның ішінде «Жастар практикасы» аясында 3 мың жас маманды жұмыспен қамту міндеттері белгіленген. Жыл сайын 500 жасқа алғашқы кәсіби тәжірибе жинауға мүмкіндік береміз», – деді облыстық сайлауалды штабтың төрағасы Данияр Қасқарауов.

Партия бағдарламасында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоғамдық белсенділігін арттыруға да басымдық берілген.

«Жастардың тың идеялары мен бастамаларын қолдау үшін 50 қайтарымсыз «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау, екі креативті хаб пен комьюнити-орталық ашу жоспарланған. Сонымен қатар жыл сайын 1 мың жасты әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық жобаларға тартуды көздеп отырмыз», – деді Әділет Айтқазы.

29 қарашада «Әділет» партиясына дауыс беріңіз!


Дайындаған: «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Қасқарауов Д.А.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

↑