Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алматы облысы мен Витебск облысы ауыл шаруашылығы саласын бірлесе дамытпақшы 

Алматы облысы мен Витебск облысы ауыл шаруашылығы саласын бірлесе дамытпақшы 

88 қаралым

Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов және Алматы қаласындағы Бас консулы Денис Мелешкинмен  кездесті. Жиында Алматы облысы мен  Витебск облысының арасындағы және ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 
Басқосу барысында Шыңғыс Сайранұлы Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қатынас орнаған 34 жыл ішінде екі мемлекеттің  стратегиялық әріптестігі жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

– Алматы облысы – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аграрлық-индустриялық бағыттағы өңір. Соңғы жылдары облыс өзінің экономикалық позициясын едәуір нығайтып, жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша еліміздің жетекші бес өңірінің қатарына енді. Өңірдің негізгі артықшылықтарының қатарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ауқымды көлемі, бай минералдық-шикізат базасы, дамыған өнеркәсіптік әлеуеті, индустриялық аймақтары мен инфрақұрылымы бар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Алатау қаласы құрылды. Жаңа шаһардың жалпы ауданы 89 мың гектарды құрайды.

Беларусь инвесторларын қаланы дамытуға қатысуға шақырамыз. Инвесторлар үшін салықтық преференциялар мен басқа да қолдау шаралары қарастырылған. Біз үшін Беларусь Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады. Беларусьте «Ұлы тас» индустриялық паркі, «Брест», «Гомель-Ратон», «Могилев» және басқа да еркін экономикалық аймақтар табысты жұмыс істеп жатқанынан хабардармыз.  Инвестиция тарту мәселелеріндегі Беларусь тәжірибесін зерделеуді өңір үшін практикалық тұрғыдан маңызды деп санаймыз. Кейінгі кезде Алматы облысы мен Беларусь Республикасы арасындағы тауар айналымы аздап төмендегені байқалады. Бүгінде Алматы облысында Беларусь капиталының қатысуымен 11, бірлескен меншік нысанындағы 5 кәсіпорын жұмыс істейді.

Беларусь – Алматы облысының маңызды сауда серіктестерінің бірі. ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы көлемі бойынша Ресей мен Қырғызстаннан кейін үшінші орында тұр. Өзара сауданы кеңейту және Беларусь өндірістерін Алматы облысында жергіліктендіру бағытында әлеуетті мүмкіндіктер бар деп санаймыз,  – деген аймақ басшысы Беларусь компанияларына қажетті өндірістік алаңдарды, инфрақұрылымды және сүйемелдеуді ұсынуға дайын екенін жеткізді. 

Алматы облысында беларусь этносының 1 188 өкілі тұрады. Талғар ауданында «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы жұмыс істеп тұр.

Беларусь Республикасының ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов облыс әкімінің жылы қабылдауына ризашылығын білдіріп, сауда және тағы бірқатар сала бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жетуізді.

↑