Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Бір сәттік немқұрайлылық – үлкен шығын

Бір сәттік немқұрайлылық – үлкен шығын

19 қаралым

Адамның күнделікті өмірінде мүлкі мен жеке заттарының қауіпсіздігіне мән беруі маңызды. Кейде қарапайым ғана сақтық шараларын елемеу ұрлық пен өзге де мүліктік қылмыстарға себеп болуы мүмкін.

Мәселен, есікті құлыптамай кету, көлікте бағалы заттарды ашық қалдыру, бейтаныс адамдарға үйдің кілтін сеніп тапсыру – қылмыскерлер үшін қолайлы мүмкіндік. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін әр адам өз мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы қажет.

Құқық қорғау органдары мүліктік қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, күмәнді жағдайларға назар аударуға шақырады. Сонымен қатар бейнебақылау камераларын орнату, есік құлыптарын күшейту және бағалы заттарды қараусыз қалдырмау да қауіпсіздікті арттырады.

Бөтеннің мүлкіне қол сұғу – заң алдында жауапкершілікке әкелетін әрекет. Сондықтан өзгенің еңбегімен тапқан дүниесіне құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің белгісі.

Құралбек Сәбитов

↑