Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кітап оқитын қоғам – озық ойлы қоғам

Кітап оқитын қоғам – озық ойлы қоғам

58 қаралым

«Кітап оқитын ұлт» марафонының маңызы зор деп есептеймін. Себебі кітап оқу – адамның жеке дамуына ғана емес, тұтас қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің артуына ықпал ететін игілікті іс. Бүгінде ақпарат көп болғанымен, терең білім мен тағылымды ойдың қайнар көзі – сапалы әдебиет. Осындай бастамалар арқылы балалар мен жастардың кітапқа деген ынтасын оятып, отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыруға болады. Әр азамат өзіне ұнаған шығарманы оқып, алған әсерімен бөліссе, кітап айналасындағы ортақ қызығушылық та арта түседі. Кітап оқитын ұлттың ойы озық, танымы терең, болашағы кемел болады деп сенемін.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑