Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Қоғам мен тәртіп: Бұл тек полицияның міндеті емес

Қоғам мен тәртіп: Бұл тек полицияның міндеті емес

59 қаралым

Жол қауіпсіздігі – тек жол патрульдік полициясының немесе әкімдіктің жұмысы емес. Бұл – әрбір азаматтың мәдениеті. Еуропаның дамыған елдерінде жолдағы тәртіпсіздік қоғамдық айыптауға ұшырайды. Ал бізде кейде жол ережесін өрескел бұзғандарды «пысық» көріп, мақтайтындар да табылып жатады. Міне, осы сананы өзгертпейінше, статистика төмендемейді.

Ішкі істер органдары мен «CyberPol» немесе жергілікті полиция қызметтері қазір бейнебақылау камераларын көбейтіп, жылдамдықты қатаң бақылап жатыр. Алайда, ешбір камера санасыз жүргізушінің миына ақыл кіргізе алмайды.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑