Қауіпсіздік тек погон таққандардың ғана міндеті екені өткен заманның еншісінде қалды. Бүгінде әлемдік тәжірибе «полиция мен қоғам — бір қолдың саласындай жұмыс істеуі керек» деген қағидаға сүйенеді. Көшедегі қараңғы тұйық көше немесе подъездегі шашылған қоқыс — ертеңгі тәртіпсіздіктің нышаны. Егер тұрғындар өз ауласына камера орнатып, учаскелік инспектормен тығыз байланыста болса, қылмыстық әрекеттердің жолы әлдеқайда ерте кесіледі. Нағыз қауіпсіздік «біздің аула — біздің қорғанымыз» деген ортақ жауапкершіліктен басталады.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

