Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қуатты қаланың дамуы тұтас өңірдің өркендеуіне жол ашады

Қуатты қаланың дамуы тұтас өңірдің өркендеуіне жол ашады

53 қаралым

Мемлекет басшысының қалаларды дамытуға қатысты пікірі ел экономикасының болашағына кеңірек көзқараспен қарауға үндейді. Расында, бүгінгі таңда қала тек халық шоғырланған аумақ емес, ол – экономикалық мүмкіндіктер, білім, ғылым, технология мен жаңа идеялар тоғысатын орталық. Қаланың даму қарқыны сол өңірдегі кәсіпкерліктің, өндірістің, әлеуметтік саланың және адами капиталдың өсуіне тікелей ықпал етеді.
Президенттің қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу туралы тапсырмасы да ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл – қаланы жай ғана заманауи технологиямен жабдықтау емес, оның тыныс-тіршілігін тиімді басқарудың жаңа тәсілі. Жол қозғалысы, коммуналдық желілер, қоғамдық көлік, қауіпсіздік пен экологиялық жағдайды цифрлық жүйе арқылы бақылау ресурстарды үнемдеп, туындауы мүмкін мәселелердің алдын алуға мүмкіндік береді. Яғни, технологияның басты мақсаты – тұрғындардың өмірін жеңілдету болуы керек.
Дегенмен, қалалардың дамуы ауыл-аймақтың мүмкіндіктерімен сабақтас болуы маңызды. Қуатты қала мен дамыған ауыл бір-біріне балама емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын ортақ жүйе. Ауыл – елдің азық-түлік қауіпсіздігінің, табиғи байлығы мен ұлттық құндылықтарының тірегі болса, қала – өндіріс, білім және жаңа технологиялардың қозғаушы күші. Осы екі бағыттың үйлесімді дамуы ғана өңірлер арасындағы алшақтықты азайтып, елдің әлеуетін арттырады.

Құралбек СӘБИТОВ

↑