Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мемлекет басшысы қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтауға баса назар аударды

Мемлекет басшысы қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтауға баса назар аударды

46 қаралым

«Ең біріншіден, алдымызда қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтау міндеті тұр.
Жалпы, біз қазақ тілінің сөздік қоры өте бай деп жиі айтамыз. Мұның шындық екені де күмәнсіз. Әдеби-мәдени мұрамыз да ұшан-теңіз.
Алайда сол дүниенің көбі кезінде цифрлық жүйелерге толық әрі сапалы көшірілді деп айту қиын.
Сол себепті мұрағатта немесе кітапханаларда ғана сақталған қазақ тіліндегі кітаптарды, мерзімді басылымдарды, аудио-бейне жазбаларды, мұрағат (архив) және мұражай (музей) қорларын цифрлық форматқа көшіру ісін қайта жандандыру қажет.
Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуға тиіс. Келешек ұрпақ осы игі істің жақсылығын көреді.
Бұған қоса, инженерия, медицина, құқық, экономика, жаратылыстану сияқты түрлі ғылымды және ақпараттық технологияларды қазақ тілінде үйренуге барынша қолайлы жағдай жасалуы керек.

↑